Облыс көлемінде 21 501 жолданым тіркелді (2025 ж. с.к. – 20 091), 2025 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 %-ға асып түсті. Республика бойынша облыс өтініштердің түсу санымен 11-орында.
Түскен өтініштердің түрлері бойынша: өтініштер – 12 364, ұсыныстар – 3 906, сұраныстар – 1 668, хабарламалар – 1 163, шағымдар - 1 029, жеке қабылдауға өтініші – 520, ақпарат сұрау туралы сұраныстар – 289, бұқаралық ақпарат құралдарының сұранысы – 196, адвокаттардың сұранысы – 193, заң консультантының сұранысы – 51.
Өтініш берушілер саны 8 752 құрады, оның ішінде: 87% (7 597) жеке тұлғалар, 13% (1 155) заңды тұлғалар.
Өтініш берушілердің әлеуметтік жағдайына келсек, 52 % – жұмыс жасайтын, еңбекпен қамтылған азаматтар, 16 % – өзін өзі жұмыспен қамтығандар, 15 % – зейнеткерлер, 13 % – заңды тұлғалар, 3 % – жұмыссыздар.
Жалпы келіп түскен жолданымдардың ішінен, ТОП-3 азаматтардың көтерген өзекті мәселелері білім – 23 % (5 036), жер және жер пайдалану - 14% (2 949) және тұрғын үй - коммуналды шаруашылық - 11% (2 394) құрайды.