Сайланған
ауылдық округ әкімдерін тіркеу туралы
2026 жылғы 26 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының 5 округінде әкімдердің сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысына сәйкес келесі әкімдер тіркелді:
- Ақжайық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
28 сәуірдегі №37 шешімімен Мақсотов Шадияр Тимурұлы Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1997 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны.
- Жаңақала ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
28 сәуірдегі №23 шешімімен Ғаниева Ақжарқын Әміржанқызы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1991 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылының тұрғыны.
- Жәнібек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
27 сәуірдегі шешімімен Бактыгалиев Зинхар Махметденович Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1989 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Борсы ауылының тұрғыны.
- Жәнібек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
27 сәуірдегі шешімімен Шарафутдинов Бекежан Биболатович Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1987 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылының тұрғыны.
- Шыңғырлау ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 26 сәуірдегі №29 шешімімен Юмабаев Жарас Берікқалиұлы Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1998 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылының тұрғыны.