Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 17 мамырға тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша кандидаттарды тіркеу жұмыстарының қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2026 жылғы 17 мамырға Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі, Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округі және Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімдерінің сайлаулары тағайындалды.
9 кандидат ұсынылды, 2 - «AMANAT» партиясынан, 7 - өзін-өзі ұсынғандар.
9 кандидаттың 7-і мемлекеттік қызметшілер, 1 - бюджет саласынан, 1 - коммерциялық ұйымнан.
Кандидаттардың орта жасы 36,4 жас, ең жас кандидат 29 жаста, жасы үлкені 47 жаста.
2 кандидат (22,2%) - ауылдық округтің тұрғыны, 6 (66,7%) – аудан аумағында, 1 (11,1%) - облыс аумағында тұрады.
А.ж. 27 сәуірдегі жағдай бойынша 9 кандидат тіркелді.