Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округінің
сайланған әкімін тіркеу туралы
2026 жылғы 5 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысына сәйкес Ақжайық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 сәуірдегі №30 шешімімен Темірғали Ерлан Базарбайұлы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1966 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны.