Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес
2026 жылғы 17 мамырға өкілеттігі аяқталуына байланысты:
Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округі әкімінің;
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.
Мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылуына байланысты:
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.