Осымен азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында», «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі жобасы «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақжергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы» орналастырылғанын жеткіземіз.
Қоғамдық талқылау 2026 жылдың 27 наурыз- 13 сәуір аралығында өтеді.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15793399
Барлық мүдделі азаматтар нормативтік құқықтық актінің жобасын талқылауға қатыса алады.
Жоба
Батыс Қазахстаноблыстық мәслихатының шешімі
Орал қаласы №__ ___ ________202_года
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Областық маслихат
төрағасы М.Мукаев