Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша кандидаттарды тіркеу жұмыстарының қорытындысы туралы ХАБАРЛАМАСЫ
2026 жылғы 26 сәуірге Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі, Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округі, Жәнібек ауданы Борсы және Жақсыбай ауылдық округтері, Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округі әкімдерінің сайлаулары тағайындалды.
17 кандидат ұсынылды, 5 - «AMANAT» партиясынан, 12 - өзін-өзі ұсынғандар.
17 кандидаттың 13 - мемлекеттік қызметшілер, 2 - бюджет саласынан, 2 – жұмыста жоқ.
Кандидаттардың орта жасы 36,2 жас, ең жас кандидат 27 жаста, жасы үлкені 55 жаста.
7 кандидат (41,2%) - ауылдық округтің тұрғыны, 9 кандидат (52,9%) – аудан аумағында, 1 (5,9%) кандидат облыс аумағында тұрады.
А.ж. 5 сәуірдегі жағдай бойынша 17 кандидат тіркелді.