Меню

Страницы

Статья

БҚО әкімдігінде құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы жаңа заңның жүзеге асырылуы және отбасылық саясатты реттеудің өзге де шаралары талқыланды


Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Е. Мендіғалиевтің төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы – елдегі әйелдер мен отбасы құқықтарын қорғау саласындағы заңнамадағы өзекті өзгерістерді талқылау және оларды іске асырудың нақты шараларын айқындау болды. Облыстық комиссия мүшелерімен қатар, жиынға барлық аудан әкімдерінің орынбасарлары мен Орал қаласының өкілдері қатысты.
– Ағымдағы жылдың 2 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңы күшіне енді. Бұл заң қоғам назарын әйелдер мен отбасы құқықтарын қорғауға ерекше бағыттайды. Сонымен қатар, елімізде отбасылық-гендерлік саясат тұжырымдамасын жаңарту үдерісі жүргізілуде. Заңнаманы жаңғырту мен оны түбегейлі нығайтуға бағытталған бірқатар стратегиялық шаралар қабылдануда. Бүгінгі кеңейтілген комиссия отырысы – жай сөз емес, нақты білім, жауапкершілік, нақты іс-әрекет және қойылған міндеттерге бірлесе қол жеткізуге бағытталған маңызды алаң, – деді Қ.Мендіғалиев құттықтау сөзінде.
Жиын барысында бірқатар мамандар ақпараттық баяндамалар жасады. Атап айтқанда, облыстық полиция департаментінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің басшысы Д. Сатарова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж. Абдолов, облыстық қамқоршылық кеңесінің төрағасы, депутат М. Джардемов, Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары А. Туйгинбетов, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ш. Утебалиева, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г. Шукеева, Батыс Қазақстан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А. Жұбаныш, қоғам белсендісі А. Салиева, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» директоры М. Даулетиярова және басқа да қатысушылар өз баяндамаларын ұсынды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, оның ішінде Өңірлік іс-шаралар жоспарын енгізу мәселесі қарастырылды.
Іс-шара Наурыз мерекесі қарсаңында символикалық түрде аяқталды. Облыс әкімінің орынбасары Қ. Мендіғалиев комиссияның тұрақты мүшелеріне атқарған еңбектері, қоғамның дамуы мен өркендеуіне қосқан үлестері, белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, комиссия жұмысына белсенді қатысқан бірқатар мүшелерге Батыс Қазақстан облысы әкімдігі атынан алғыс хаттар табысталды.


Батыс Қазақстан облысы әкімнің баспасөз қызметі

 

https://zhaikpress.kz/ru/news/v-akimate-zko-obsudili-realizaciyunovogo-zakona-po-profilaktike-pravonarushenij-drugie-mery-regulirovaniya-semejnoj-politiki/ 

https://www.instagram.com/p/DWJX5N5irhj/?igsh=MWY5Y2lkejdxNWFhaA== 

https://www.instagram.com/p/DWJZ5bNAlXc/?igsh=dmY1anZtMmxhM256 

Дата публикации
26 марта 2026
Дата обновления
26 марта 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы