Меню

Страницы

Статья

БҚО-да отбасы саясаты аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жаңа заңның жүзеге асырылуы талқыланды

 

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Е. Мендіғалиевтің төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Облыстық комиссия мүшелерімен қатар жиын жұмысына аудан әкімдерінің орынбасарлары мен Орал қаласы әкімінің орынбасарлары қатысты. Отырыста еліміздегі әйелдер мен отбасы құқықтарын қорғау саласындағы заңнамаға енгізілген өзекті өзгерістер мәселесі талқыланды.

Жиын барысында Батыс Қазақстан облысы полиция Департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Д.М. Сатарова, Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж.К. Абдолов, «Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Орал қалалық мәслихатының депутаты М.Г. Джардемов, Батыс Қазақстан облысындағы бала құқықтары жөніндегі Уәкіл Ш.С. Утебалиева, Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г.Б. Шукеева, Батыс Қазақстан облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі А.С. Жубаныш, Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы Департаменті басшысының орынбасары А.У. Түйгінбетов, қоғам қайраткері, «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының ұйымдастыру мәселелері жөніндегі менеджері А.У. Салиева, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» директоры М.Т. Даулетиярова, «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы М.Б. Санкаева және өзге де қатысушылар сөз сөйледі.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Кездесудің екінші бөлігінде комиссия мүшелері облыс басшылығы атынан «Алғыс хаттармен» марапатталды.

 

 

Дата публикации
20 марта 2026
Дата обновления
21 марта 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
ЭЛЕКТРОННЫЕ СМИ
20 октября 2026
Баспа бақ
20 октября 2026
ИНТЕРНЕТ БАҚ

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы