2026 жылғы 22 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының 2 округінде әкімдердің сайлауы өтті. Сайлау қорытындысына сәйкес келесі әкімдер тіркелді:
Бөрлі ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 ақпандағы №10 шешімімен Балмулдин Бауыржан Кабдоллаевич Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1971 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының тұрғыны.
Сырым ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 24 ақпандағы №1.30/34 шешімімен Абдрашев Азамат Жамбылұлы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1989 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылының тұрғыны.