Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 22 ақпанға тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша кандидаттарды тіркеу жұмыстарының қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2026 жылғы 22 ақпанға Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округі, Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімдерінің сайлаулары тағайындалды.
7 кандидат ұсынылды, 2 - «AMANAT» партиясынан, 5 - өзін-өзі ұсынғандар.
7 кандидаттың 5 - мемлекеттік қызметшілер, 1 - бюджет саласынан, 1 - коммерциялық ұйымнан.
Кандидаттардың орта жасы 40 жас, ең жас кандидат 27 жаста, жасы үлкені 54 жаста.
1 кандидат (14,3%) - ауылдық округтің тұрғыны, 6 кандидат (85,7%) – аудан аумағында тұрады.
А.ж. 30 қаңтардағы жағдай бойынша 6 кандидат тіркелді.
1 кандидат өз өтініші бойынша кандидатурасын алып тастады.