Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және интернетпен қамтамасыз ету туралы АҚПАРАТ

 

Батыс Қазақстан облысының аумағында 405 ауылдық елді мекен (АЕМ) бар. Оның ішінде 366 АЕМ (барлық АЕМ-нің 90%) интернет желісіне қолжетімді:

  • 4G – 289 АЕМ,
  • 3G – 339 АЕМ,
  • 2G – 376 АЕМ,
  • ADSL – 86 АЕМ,
  • Радиокөпір – 44 АЕМ,
  • ТОБЖ – 136 АЕМ.

Дыбыстық қоңыраулар үшін ұялы байланыс 376 АЕМ (барлық АЕМ-нің 93%) қамтамасыз етілген.

2024 жылы Өңіраралық байланыс инспекциясы байланыс операторлары қызметінің сапа көрсеткіштеріне сәйкестігін тексеру мақсатында 35 жоспардан тыс тексеру жүргізді:

  • 14 тексеру – ауылдық елді мекендерде,
  • 21 тексеру – Орал қаласында.

Тексеріс нәтижесі бойынша 67,6 млн теңге(Beeline – 24,9 млн тг, Tele2/Altel – 35,9 млн тг, Kcell/Activ – 5,5 млн тг) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Өңіраралық байланыс инспекциясы 21 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, байланыс операторларына 38,2 млн теңге айыппұл салды. Оның ішінде:

  •  Beeline – 26,4 млн тг,
  • Tele2 / Altel – 11,8 млн тг,

 

Мобильді байланыс желісін дамыту

2024 жылы байланыс операторлары 23 ауылдық елді мекенде жаңа базалық станциялар орнатты, атап айтқанда: 

  • Ақжайық ауданы: Базартөбе, Қамыстыкөл, Көнеккеткен;
  • Бөкейорда ауданы: Мұратсай;
  • Бөрлі ауданы: Қарашығанақ, Аралтал, Жанаталап;
  • Бәйтерек ауданы: Жайык, Павлово, Алмалы, Новенькое, Мирное;
  • Жаңақала ауданы: Жаңақала;
  • Жәнібек ауданы: Ақоба;
  • Казталов ауданы: Нұрсай, Қарасу;
  • Қаратөбе ауданы: Жусандой, Шөптікөл;
  • Сырым ауданы: Тоғанас;
  • Тасқала ауданы: Амангелді;
  • Теректі ауданы: Тоқпай, Юбилейное.

2025 жылы Билайн және Кселл байланыс операторлары Орал, Ақсай қалалары мен 23 ауылдық елді мекенге (Тегісжол, Көнеккеткен және Жайық (Ақжайық ауданы), Жетібай (Бөкейорда ауданы), Чинарев және Красноармейск (Бәйтерек ауданы), «Сырым» автомобиль өткізу пункті (Бәйтерек ауданы), Жымпиты және Өлеңті (Сырым ауданы), Әбіш, Кішкенеталдықұдық, Бостандық (Казталов ауданы), Шалғын, Қоржын (Қаратөбе ауданы), Тасқала, Тоғайлы және Мерей (Тасқала ауданы), «Тасқала» автомобиль өткізу пункті (Тасқала ауданы), Подстепное (Теректі ауданы), Ақсуат (Шыңғырлау ауданы), Желаев ауылы (Орал қаласы), Деркөл кенті (Орал қаласы), 2-ші дача (Орал қаласы)) жаңа базалық станцияларды орнатты.

Сондай-ақ, 202 ауылдық елді мекеннің қолданыстағы базалық станцияларына 4G стандартына дейін жаңарту жұмыстары жүргізілді.

 

Интернетке кең жолақты қолжетімділікті ұйымдастыру

2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ «радиокөпір» технологиясы арқылы 16 ауылдық елді мекенді интернетпен қамтамасыз етті:

  • Ақжайық ауданы: Ілбішін, Тайпақ,
  • Бөкейорда ауданы: Сайқын,
  • Жаңақала ауданы: Жаңақала,
  • Жәнібек ауданы: Жақсыбай,
  • Бәйтерек ауданы: Переметное,
  • Сырым ауданы: Булдырты,
  • Казталов ауданы: Казталов, Нұрсай, Бостандық,
  • Қаратөбе ауданы: Жусандыой,
  • Тасқала ауданы: Атамекен,
  • Теректі ауданы: Ақжайық, Подстепное,
  • Шыңғырлау ауданы: Шыңғырлау, Ақшат.

2025 жылы 9 елді мекенде оптикалық инфрақұрылым кеңейтіліп, 1500 порт іске қосылды. 14 базалық станцияға дейін оптика тартылды. Ескірген мыс желісінен 3269 абонент жоғары жылдамдықты оптикалық байланысқа көшірілді.

Сонымен қатар, Орал қаласының Ақжайық шағын ауданы, Жымпиты және Тасқала аудан орталықтарына GPON технологиясы арқылы оптика жүргізілді.

Өңіріміздің ірі операторлары (Қазақтелеком, Транстелеком, Jusan Mobile) сымды және сымсыз технологияларды пайдалана отырып, дилерлік желі жұмыстарын жүргізуде.

Мысалы, Орал қаласының жеке секторлары (саяжайларды қоса алғанда), Теректі ауданы Подстепное және Жарқын, Сырым ауданы Жымпиты, Бәйтерек ауданы Мичурин және Жером ауылдарын интернетпен қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығында операторлар Батыс Қазақстан Электржелілік Тарату компаниясымен бірлесіп электр бағаналарын қолдану арқылы жұмыстар жүргізуде.

 

«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы

Ұлттық жоба аясында 2027 жылға дейін 220 ауылдық елді мекенді талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу жоспарлануда. Оның ішінде 24 ауылға (Бөрлі ауданы Жаңақоныс және Данилякөл, Жаңақала ауданы Салтанат, Жәнібек ауданы Таловка және Майтөбек, Бәйтерек ауданы Аманат, Казталов ауданы Сексенбаев, Кішкенеталдықұдық, Жас, Талдыапан, Бестерек, Талдықұдық, Хайруш және Мереке, Бөкейорда ауданы Кеной, Сырым ауданы Саралжын, Тасқұдық, Аңқаты және Қарағанды, Тасқала ауданы Қалмақшабын, Өркен және Ерсары, Шыңғырлау ауданы Қызылкүл және Сегізсай ауылдары) «Қазақтелеком» АҚ «Транстелеком» АҚ-мен бірлесіп «Starlink» спутниктік терминалдарын орнатты.

Сонымен қатар, халық саны 50-ден төмен ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету үшін 2025 жылы «Jusan Mobile» АҚ-мен 24 ауылға (Ақжайық ауданы Жолап ауылы, Бөрлі ауданы Бақтыарал, Бесағаш, Утвинка, Жәнібек ауданы Көлтабан ауылы, Бәйтерек ауданы Забродино, Балабанова, Тыңдала, Богатск, Сырым ауданы Қарақұдық ауылы, Теректі ауданы Сатымшеген, Рыбцех, Қабылтөбе, Сарсенов, Придорожный, Күтсиық, Тасқала ауданы Ақкүтір, Жігер, Аққайнар, Еменжар, Талдыбұлақ және Шыңғырлау ауданы Ұрысай, Аққұдық пен Талдысай ауылдары) OneWeb спутниктік терминалдары орнатылды.

Сондай-ақ, 119 ауылдық елді мекенді (56 негізгі, 63 қосымша) үй шаруашылықтарына дейін Интернеттің «соңғы милін» субсидиялау арқылы Интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Бүгінгі таңда, Кселл байланыс операторы Орал қаласында 5G стандартында 77 базалық станциясын орнатты.

Республикалық автокөлік жолдарын мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету іс-шарасы аясында облысымызда 7 антенна-діңгек құрылғысын салу жоспарланды. Бүгінгі таңда, антенналардың жобалық-сметалық құжаттамаларына сараптаманың оң қорытындылары алынып, жекешелендіру объектілері тізбесіне енгізілді (жергілікті әкімдік қаулысы шығарылып, жобалық-смета құрылғысына бағалау жүргізілді). 

 

Дата публикации
15 января 2026
Дата обновления
15 января 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы