Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 18 қаңтарға тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша кандидаттарды тіркеу жұмыстарының қорытындысы туралы ХАБАРЛАМАСЫ

2026 жылғы 18 қаңтарға Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі, Бәйтерек ауданы Раздольное ауылдық округі әкімдерінің сайлаулары тағайындалды.

7 кандидат ұсынылды, 1 - «AMANAT» партиясынан, 6 - өзін-өзі ұсынғандар.

7 кандидаттың барлығы мемлекеттік қызметшілер.  

Кандидаттардың орта жасы 40,8 жас, ең жас кандидат 28 жаста, жасы үлкені 54 жаста.

2 кандидат (28,6%) - ауылдық округтің тұрғыны, 5 кандидат (71,4%) – аудан аумағында тұрады.

А.ж. 26 желтоқсандағы жағдай бойынша 6 кандидат тіркелді.

1 кандидат өз өтініші бойынша кандидатурасын алып тастады.