Отырыс барысында есепті жылдағы жұмыстың қорытындылары жасалды. Жиынға қатысушылар нысаналы көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу мәселелерін қарастырды. Объектілердің терроризмге қарсы қорғанысының ағымдағы жай-күйін талқылады. Сондай-ақ, дін саласындағы іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік қаражатты игерудің тиімділігін талдады.
Талқылау нәтижелері бойынша алдағы жұмыстың басым бағыттары анықталып, жауапты орындаушыларға тиісті тапсырмалар берілді.
Терроризмге қарсы комиссиясының жұмысында қойылған міндеттер мен тапсырмалардың орындалуын бақылау қажеттігі ескерілді.