Меню

Страницы

Статья

Цифрлық қауіпсіздік

 

Елімізде жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылатын «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимылдар» халықаралық науқаны қоғамның назарын әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне аударуға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, халықтың қолжетімді қорғау шаралары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Биылғы жылы науқан мазмұнының негізгі бөлігі цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оны болдырмауға арналды.

Батыс Қазақстан облысында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесе әзірленген жоспарлы іс-шаралар кең ауқымда өткізілуде. Оларға барлық уәкілетті мемлекеттік органдар, прокуратура, полиция өкілдері, қоғам қайраткерлері, БАҚ және басқалар қатысуда. 1 және 2 желтоқсанда Орал және Ақсай қалаларындағы дағдарыс орталықтарында кездесулер өтті. «Зорлық-зомбылықсыз цифрлық кеңістік» тақырыбындағы кездесулер бағдарламасына әңгімелер, тренингтер, консультациялар, бейнесессиялар, практикумдар енгізілді. Оларды медиаторлар, психологтар, ІТ-мамандар, прокуратура өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жастар ресурстық орталықтарының мамандары жүргізді.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, облыстық комиссия мүшесі Ж.Қ.Абдолов баяндамасында «Жалпы цифрландыру деңгейі жыл сайын өсіп келеді, ал пайдаланушылардың жасы төмендеп барады, бұдан бөлек, Қазақстан толық цифрлық мемлекетке айналу мақсатын қойды, бұл туралы Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өтті. Науқан қатысушыларының міндеті – әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылыққа қоғамдық төзбеушілікті қалыптастыруға, цифрлық қауіпсіздік идеяларын ілгерілетуге, сондай-ақ тиісті сауаттылық пен құқықтық хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал ету», – деп атап көрсетті.

Кездесулердің қорытынды бөлімінде барлық қатысушыларға ақпараттық материалдар (тақырыптық флаерлер, буклеттер, жадынамалар) таратылды.

 

 

Дата публикации
02 декабря 2025
Дата обновления
02 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы