Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысында  «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» ақпараттық науқаны басталды

 

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» – бұл жыл сайын 25 қарашада Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күнінде басталып, 10 желтоқсан – Адам құқықтары күніне дейін жалғасатын әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықпен күреске бағытталған жаһандық халықаралық науқан. Дәстүрлі түрде бұл науқан елімізде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) қолдауымен жүзеге асырылады.

2025 жылы науқан «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» ұранымен өтуде. Оның мақсаты – әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылыққа қоғамдық төзбеушілікті қалыптастыру, цифрлық қауіпсіздік, құрмет және интернет кеңістігіндегі тең құқықтар идеясын ілгерілету.

Өңірімізде науқанның басталуына Батыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Облыстық комиссия) мүшелерінің қатысуымен өткен брифинг себеп болды. Олардың қатарында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г.Б. Шукеева, БҚО Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы О.А. Ибрайымов, «Stop Bullying» қоғамдық бірлестігі басқарма төрағасының орынбасары А.Б. Сабурова бар.

Сонымен қатар Облыстық комиссияның басқа мүшелері онлайн форматта «Қазақстанның қоғамдық даму институты» ұйымдастырған, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық комиссияның қатысуымен өткен 2025 жылға арналған елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі Ұлттық баяндама жобасының таныстырылымына және талқылауына қатысты.

Іс-шаралар жастарға арналған «Профилактика. Зорлықсыз цифрлық кеңістік» тақырыбындағы кездесумен жалғасты.

Бұл – өңірдегі науқанның алғашқы қадамдары. Науқанның іс-шаралар жоспары облыстың барлық 12 ауданын және әкімшілік орталығын қамтиды. Оларды өткізуге мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының өкілдері, үкіметтік емес сектор, жастар ұйымдары, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласының мекемелері, қоғам қайраткерлері және басқа да көптеген ұйымдар қатысады.

Күтілетін нәтижелер – халықтың цифрлық зорлық-зомбылық мәселесі туралы хабардар болуын арттыру, цифрлық сауаттылық пен құқықтық білім деңгейінің өсуі.

 

 

 

Дата публикации
25 ноября 2025
Дата обновления
25 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы