Меню

Страницы

Статья

Алдын алу. Қауіпсіздік. Балалар.

            Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аудандық комиссиялар жұмысының жай-күйін зерделеу және олардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда. Бұл облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиевтің қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ балалардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу, қауіпсіз ортаны қалыптастыру бойынша ведомствоаралық шараларды күшейту жөніндегі тапсырмасына негізделіп отыр.

         23 қазанда мониторингтік топ Теректі ауданындағы Теректі және Пойма ауылдарында болды. Оның құрамында облыс әкімі аппаратының бас инспекторы – Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының (бұдан әрі – облыстық комиссия) хатшысы Т.Рогозина, облыс бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл, облыстық комиссия мүшесі Ш. Утебалиева, «Stop Bullying»  ҚБ басқарма төрағасының орынбасары, облыстық комиссия мүшесі А.Сабурова,                 облыстық білім басқармасының бас маманы Ш.Бауетдинова, облыстық психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары, облыстық комиссияның сарапшысы Н.Қуанышалиева, «Ана үйі» қоғамдық қорының облыс бойынша аймақтық үйлестірушісі, облыстық комиссия мүшесі З.Шқанова, БҚО ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының инспекторы А.Байбулова және т.б. болды. Олар тәуекел тобындағы отбасылар мен балалармен мақсатты жұмыстың сапасына және қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге баса назар аударды. Балалардың рухани-адамгершілік және ақпараттық қауіпсіздігі мәселесі де басты назарда болды.

            Жұмыс барысында аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының өкілдерімен кездесу өтті: аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Т.Сағынгереев, аудандық ішкі істер бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, аудандық комиссия төрағасының орынбасары Д.Құрманғалиев, Теректі ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, аудандық комиссияның хатшысы Н.Бисенғалиева, сондай-ақ комиссия мүшелері – аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Сәрсенғалиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Тасенова, Теректі аудандық отбасын қолдау орталығының басшысы М.Сапарғалиев, осы бағыттағы облыстық психологиялық қолдау орталығының әдіскер-үйлестірушісі Г.Демеутова, білім беру ұйымдарының директорлары – Е.Бердникова, Ж. Шәкіров, А.Нұрмұхаева және т.б.      

            Комиссия құжаттарды қарап, жауапты қызметкерлермен сұхбат жүргізді. Отбасын қолдау орталығын, Теректідегі №1 ЖОББ мектебі мен мектепке дейінгі мекемені, Поймадағы мектеп сияқты бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

            Мониторинг жалғасуда. Нәтижесі Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы комиссия отырысына толығымен шығарылады.

Дата публикации
24 октября 2025
Дата обновления
24 октября 2025
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы