Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиевтің тапсырмасын орындау шеңберінде ағымдағы жылғы 21 қазанда балаларға қатысты құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алу, балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ суицидтің алдын алу жөніндегі аудандық комиссиялар жұмыстарының жай-күйін зерделеу жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы басталды. Ведомствоаралық жұмыстардың сапасына және қиын өмірлік жағдайдағы отбасылармен, балалармен атаулы жұмысқа ерекше назар аударылады.
Бастапқы алаң Бәйтерек ауданының орталығы – Переметное ауылы болды.
Топ құрамына облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, өңірдің полиция департаментінің, облыстық психологиялық қолдау әдістемелік орталығының және үкіметтік емес сектордың мүшелері енгізілді.
Жұмыс барысында аудандық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия өкілдерімен кездесу өтті, оның ішінде А.Баянова – Бәйтерек ауданы білім бөлімінің басшысы, Б.Супогалиев – аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, Ю.Яфарова – «Янарыш» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ш.Қапаева – Бәйтерек ауданының отбасын қолдау орталығының директоры, К.Мұқатова - Бәйтерек ауданы бойынша облыстық психологиялық қолдау әдістемелік орталығының үйлестірушісі.
Топ мүшелері тиісті құжаттама міндеттерімен танысты. Бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, соның ішінде жергілікті отбасын қолдау орталығында болды.
Топ жұмысының келесі кезеңі Теректі ауданы болып табылады.
Барлық мониторингтік қызметтің қорытындылары жинақталады және ағымдағы жылғы желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы комиссия отырысында баяндалатын болады.