Меню

Страницы

Статья

«Балалардың болашағы үшін бірге!» өңірлік челленджі

 

2025 жылғы 23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хаттамасын орындау мақсатында, сондай-ақ Балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің бастамасы негізінде Батыс Қазақстан облысында бірыңғай облыстық «Балалардың болашағы үшін бірге!» атты челлендж өткізілді.

Челлендждің негізгі мақсаты — балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру, қоғам назарын өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне аудару және ата-аналардың балалардың болашағына деген жауапкершілігін арттыру.

Аталған бастамаға білім беру ұйымдары, ата-аналар қауымдастығы, мемлекеттік органдар, түрлі сала мамандары, сондай-ақ AMANAT партиясының өңірлік өкілдері белсенді қатысты.

Бұл челлендж әрбір ересек азаматты баланың тағдырына бейжай қарамауға шақырған маңызды үндеу болды.

Челлендж аясында түрлі ақпараттық, тәрбиелік және алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды.

2025 жылғы 23–26 қыркүйек аралығында акция облыстың барлық аудандарында өткізілді.

Нәтижесінде, челленджге 1320-дан астам оқушы мен ересек қатысушы атсалысып, Facebook және Instagram , Tik-tok әлеуметтік желілерінде 300-ден астам жарияланым орналастырылды.

Дата публикации
09 октября 2025
Дата обновления
09 октября 2025
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы