Ағымдағы жылғы 30 қыркүйекте облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Дарьян аудан әкімі жанындағы аттас комиссия өкілдері де қатысты. Отырыста «Әр ауылдық округтегі әйелдер кеңесі» моделін енгізу бойынша аталған ауданның тәжірибесі талқыланды. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде тұратын әйелдердің экономикалық және саяси мүмкіндіктерін кеңейтуге, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған облыстық жобалар қаралды. Ауылдың даму қажеттіліктерін, соның ішінде әйелдердің жеке тұлға ретінде қалыптасуын, олардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруды, түрлі салаларда өзін-өзі жүзеге асыруын ескеретін әлеуметтік маңызы бар жобалар тақырыптарын қалыптастыру жұмыстарының жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.
Отырыс қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырма берілді.