Меню

Страницы

Статья

Ақжайық ауданында облыстық кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті. Оған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары К.Е. Мендиғалиев төрағалық етіп, Ақжайық ауданының әкімі М.А. Сердалин қатысты

 

Жиынға облыстық және Ақжайық аудандық комиссия мүшелері, өңірдегі барлық аудан әкімдерінің орынбасарлары – аталған комиссиялардың төрағалары, прокуратура өкілдері, құқық қорғау органдары, салалық басқармалар мен департаменттердің мамандары, құқық қорғаушылар, депутаттар және қоғам қайраткерлері қатысты.

Отырыста құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды:

балалар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің алдын алу, оның ішінде заңнамалық және практикалық шаралар, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта құру, отбасылық тәрбие;

балалардың құқықтарын қорғау саласында цифрландыру мен жасанды интеллектіні пайдалану, соның ішінде қолданыстағы тәжірибені дамыту арқылы мониторинг пен кері байланысты жетілдіру – «Комек Stop bullying» жүйесі;

өңірлік «Ментор» жобасын жергілікті деңгейде іске асыру, онда негізгі тұлғалар – бала және ішкі істер органдары ардагерлерінен құралған тәлімгер;

аудандық комиссиялардың жұмысын ведомствоаралық өзара іс-қимыл тұрғысынан талдау және басқа да көптеген мәселелер.


Отырыстың қорытындысы бойынша басымдықтар айқындалып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Дата публикации
11 сентября 2025
Дата обновления
11 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы