Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы А. Г. Балаеваның 2025 жылғы 20 маусымда өткен Ұлттық комиссия отырысында қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, халық денсаулығының сапасын арттыру және өзге де өмірлік маңызы бар мәселелер жөніндегі берген тапсырмаларын орындау шеңберінде өңірлерде Отбасын қолдау орталықтарының және Жастар денсаулық орталықтарының (ЖДО) қызметін зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Арнайыведомствоаралықжұмыстоптары құрылды.
Батыс Қазақстан облысында мұндай топты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е. И. Тарасенко басқарды. Топ құрамына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері, өңір бойынша ЖДО штаттантыс үйлестірушісі және басқа да мамандар кірді.
Жоспарланған жұмыс бірнеше күнге созылады. Зерттеу жұмыстары әкімшілік орталықта да, сондай-ақ Бөрлі, Шыңғырлау жәнеөзге де аудандарда да жүргізіледі. Қазіргітаңдаөңірде: облыс орталығында орналасқан төрт Жастар денсаулық орталығы және облыстың барлық аудандарында мен Орал қаласында жұмыс істейтін он үш Отбасын қолдау орталығы бар.
Топтың өңірдегі жұмысы Е. И. Тарасенконың Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Т. Төреғалиевпен кездесуінен басталды. Кездесу барысында Ұлттық комиссия белгілеген тақырып аясында өңірдің даму бағыттары, сондай-ақ бірқатар өзекті мәселелер мен болашақтағы перспективалар талқыланды.
5 қыркүйекте жұмыс тобы Шыңғырлау ауданында болып, аудандық тарихи-өлкетану мұражайында Шыңғырлау ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында өзекті мәселелер сөзге тиек етіліп, оның ішінде жұмыс тобы Отбасын қолдау орталықтарының жұмысымен танысып, ондағы көрсетілетін медициналық, әлеуметтік, психологиялық қызметтерді зерделеді.Жұмыстар жалғасуда.