2025 жылғы 17 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының 4 округінде әкімдердің сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысына сәйкес келесі әкімдер тіркелді:
Бөкей ордасы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 18 тамыздағы №28 шешімімен Махимов Ғайса Темірболатұлы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1971 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Хан Ордасы ауылының тұрғыны.
Бөрлі ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы №48 шешімімен Қожаниязов Азат Сағидоллаұлы Бөрлі ауданы Достық ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1995 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Достық ауылының тұрғыны.
Бөрлі ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 тамыздағы №49 шешімімен Газиев Нурлан Талаптанович Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1978 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылының тұрғыны.
Жәнібек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 18 тамыздағы №27 шешімімен Жакин Нурлыбек Турымтайович Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1981 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ақоба ауылының тұрғыны.