Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылғы 7 қыркүйекке тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша кандидаттарды тіркеу жұмыстарының қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылғы 7 қыркүйекке Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Шалғай және Янайкин ауылдық округтері, Жаңақала ауданы Жаңақала және Меңдешев ауылдық округтері, Сырым ауданы Аралтөбе және Бұлдырты ауылдық округтері, Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімдерінің сайлаулары тағайындалды.
25 кандидат ұсынылды, 2 - «AMANAT» партиясынан, 23 - өзін-өзі ұсынғандар.
25 кандидаттың 15 - мемлекеттік қызметшілер, 6 - бюджет саласынан, 3 - коммерциялық ұйымнан, 1 - жұмыста жоқ.
Кандидаттардың орта жасы 40,6 жас, ең жас кандидат 28 жаста, жасы үлкені 62 жаста.
9 кандидат (36,0%) - ауылдық округтің тұрғыны, 15 (60,0%) – аудан аумағында, 1 (4,0%) - облыс аумағында тұрады.
А.ж. 17 тамыздағы жағдай бойынша 21 кандидат тіркелді.
Біліктілік талаптарына сай келмеуіне байланысты 3 кандидатты тіркеуден бас тартылды, 1 кандидат өз өтініші бойынша кандидатурасын алып тастады.