Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық даму

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

 

Азаматтық қоғамды дамыту

Батыс Қазақстан облысында азаматтық қоғамды дамыту жүйесінде 685 үкіметтік емес ұйым тіркелген.
Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында белсенді жұмыс істеп тұрған үкіметтік емес ұйымдардың саны шамамен 100-ге жуық.

Мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы тығыз өзара іс-қимылдың негізгі құралдарының бірі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасаудың тиімді әрі дәстүрлі тетіктерінің бірі.

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылы жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 160 жобаны іске асыруға 1,4 млрд теңге бөлінді. Өңірде азаматтық секторды қолдау мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі соңғы 4 жылда шамамен 2 есеге артты (2021 жылы – 774 млн теңге).

Облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты 4 басқарма (қоғамдық даму, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі), Орал қаласының әкімдігі және 12 аудан жүзеге асырады.

Облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражатының едәуір бөлігі, шамамен 700 млн теңге, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталған. Бұл бағытта ең көп қаражат Орал қаласының әкімдігіне (480 млн теңге) және Бөрлі ауданына (115 млн теңге) бөлінген.

Өңірде жобалар 14 бағыт бойынша іске асырылуда. Олар жастар саясатын дамыту, отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешу, әлеуметтік осал топтарды қолдау, мәдениет пен өнерді дамыту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге жәрдемдесу, азаматтық қоғамды дамыту және басқа да бағыттарды қамтиды.

Облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша уәкілетті орган – Қоғамдық даму басқармасы болып табылады. 2025 жылы аталған басқарма арқылы 30 жобаны іске асыруға шамамен 300 млн теңге бөлінді.

Азаматтық қоғамды дамыту бағытындағы жобалар қоғамдық маңызы бар іс-шараларды өткізу, «Азаматтық ресурстық орталықтың» қызметін қамтамасыз ету, ардагерлер ұйымдарына қолдау көрсету, гендерлік саясатты дамыту, сондай-ақ қоғамда тарихи сананы сақтау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру бағыттарында жүзеге асырылуда.

Жастар саясатын дамыту бағытындағы жобалар ұлттық дәстүрлерді насихаттауға арналған іс-шараларды ұйымдастыруды, өзін-өзі басқару ұйымдарымен жұмысты, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының қызметін ұйымдастыруды, волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізуді, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге арналған іс-шараларды, консультативтік-кеңесші органдардың жұмысын үйлестіруді және жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтиды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2025 жылы 4 жобаны іске асыруға шамамен 45 млн теңге бөлді. Аталған жобалар АИТВ/ЖИТС, туберкулез, суицидтің алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау салаларында жүзеге асырылуда.

Облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2025 жылы 30 жобаны іске асыруға шамамен 30 млн теңге бөлді. Барлық жобалар қоғамда мемлекеттік тілді дамытуға және ономастика саласына бағытталған.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2025 жылы 3 жобаны іске асыруға шамамен 6 млн теңге бөлді. Жобалар мейірімділік айлығы аясындағы іс-шараларды өткізу, сондай-ақ «Талпын» жыл сайынғы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру бағыттарында жүзеге асырылуда.

Орал қаласының әкімдігі мен 12 аудан әкімдіктері 2025 жылы 91 жобаны іске асыруға шамамен 1,1 млрд теңге бөлді. Жобалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, діни түсініктерді түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастар саясаты, гендерлік саясатты дамыту және басқа да бағыттар бойынша жүзеге асырылуда.

Жастар саясаты

Батыс Қазақстан облысында 185 516 жас бар, бұл аймақ халқының 26,6%-ын құрайды. Оның ішінде қалалық жерде – 105 297, ауылдық жерде – 80 219 жас тұрады. Жастардың 96 227-і ер, 89 289-ы әйелдер.

Өңірде 4 жоғары оқу орны және 34 техникалық және кәсіптік білім беру колледжі жұмыс істейді. ЖОО-ларда 27 462, колледждерде 15 038 студент білім алады.

Облыста жастармен жұмыс бағытында 14 жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық (облыстық, қалалық және 12 аудандық) қызмет атқарады.

Тәуелсіздік ұрпақтары. 2023 жылдан бастап жастар бастамаларын қолдау бағытында өңірімізде «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жүзеге асырылып келеді. Грант ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа бағытында беріледі. 2023-2025 жылдар аралығында 17,5 млн теңге сомасында 20 грант табысталды. Биылғы жылы аталған грант 12 желтоқсан күні облыс әкімінің қатысуымен салтанатты түрде берілді. Айта кету керек, аталмыш табыстау шарасы облыс жастарына арналған «Жыл үздігі 2025» жастар премиясы аясында өтті және 5 санат бойынша грант табысталды. Бұл кеште жыл бойы үздік болған жастар «Үздік студент», «Үздік жас ғалым», «Үздік ауыл патриоты», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік жастар ұжымы», «Үздік медиа маман», «Үздік жас ақын», «Үздік жас талант», «Үздік жұмысшы маман», «Жыл жаңалығы» сынды 10 аталым бойынша марапатталып, ақшалай 200 мың теңге табысталды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жыл басынан бері Орал қаласы мен аудандарда 52 сенбілік, 33 ақпараттық кездесу өткізіліп, 12 мыңнан астам жас қатысты. Жастардың экобастамаларының қатарында «50 JANA AULA», «Zero Waste Aksai», «Таза жүрек – таза мекен», «Таза аула автобусы», «Менің ағашым – менің болашағым», «Вандализмге жол жоқ!» жобалары бар. Айта кету керек, жастар арасында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын насихаттау бағытында Орал қаласы аумағында аталған акцияны белсенді түрде ұйымдастырып жүрген белсенді жастардың қатысуымен баннер орнатылды.

2025 жылы мемлекеттік жастар саясатын дамыту бағытында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты облыс жастары арасында КТК қозғалысын дамыту, интеллектуалды ойын ұйымдастыру, республикалық деңгейде пікірсайыс турнирі, әскери-патриоттық бағыт, ауыл өмірін насихаттау бағытында «АуылLIFE» жобасы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты, сондай-ақ биылғы жылы алғаш ұйымдастырылған футболдан «MediaCUP» турнирі сынды маңызды жобалар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында нашақорлықтың және синтетикалық есірткілердің таралуының алдын алуға бағытталған жоба жүзеге асырылды. БҚО Полиция департаментімен бірлесіп: 20 кездесу, қала бойынша 50-ден астам есірткі жарнамасын жою, 500 астам оқушы қатысқан онлайн сауалнама, Теректі, Тасқала және Круглоозерное елді мекендерінде 3 семинар-практикум өткізілді.

Халықаралық жастар күні. Биылғы жылы Халықаралық жастар күнін мерекелеу бағытында іс-шаралар жоспары жасақталды. Жоспарға сәйкес, мереке Казталов ауданында «АуылLIFE» жобасымен бастау алды. Жастар арасында медиакеңістікте белсенділік танытып жүрген жастар бір алаңда тоғысып, ауыл ойындарынан сынға түсті. Бұдан бөлек, «MediaCUP» турнирінің финалдық ойыны осы мереке қарсаңында ұйымдастырылып, Шыңғырлау және Бәйтерек ауданы жүлдені сарапқа салды. Шыңғырлау ауданы  турнирдің чемпионы атанды. Сонымен қатар, КТК ойындарынан облыс әкімінің кубогі өткізіліп, 8 команда сынға түсіп, Ақтөбелік «SWEET» командасы қанжығалы болды. Мерекелік шаралардың қорытындысы ретінде Орал қаласы Тұңғыш Президент алаңында жастар арасында танымал жұлдыздармен – Артур Даулетьяров, «ALZABI», жергілікті «Orta Production» ұжымы өнер көрсетті.

Халықаралық ынтымақтастық. Орал қаласында ағымдағы жылдың 11 қарашасында Орал қаласында «Қазақстан-Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы» аясында жастар-волонтерлік форумы ұйымдастырылғанын хабарлайды. Аталмыш форумға көршілес Ресей Федерациясынан 20 делегат, өңірлерден 20 астам және облыстан 50 қатысушылар қатысқанын мәлімдейміз.

Форум ресми ашылу салтанатымен басталып, ашылу салтанатында БҚО қоғамдық даму басқармасының басшысы Д.Кадралиев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төраға орынбасары Б.Әлімжанов және Татарстан Республикасы Жастар ісі жөніндегі министрі А.Кадыров сөз сөйледі.

Форум екі панельдік секцияны – «Жұмысшы мамандықтар – тренд. Кәсібилік.» және «Волонтерлік саладағы тәжірибе алмасу» тақырыптарын қамтыды. Бұдан бөлек, бағдарлама бойынша екі ел арасындағы үздік жобаларды талқылау бойынша диалогтық алаң ұйымдастырылды.       

Тұрғын үй бағдарламасы.

Облысымызда жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Бұл өңірлік жастар саясатындағы басым бағыттардың бірі – жас мамандардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға көңіл бөлу.

«Жайық жастары» бағдарламасы – жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытында облыс көлемінде ұйымдастырылып келе жатырған үлкен бағдарлама. Бұл бағдарлама облыс әкімі Н.Төреғалиевтің облыс жастарымен кездесуі кезінде ұсыныс ретінде айтылған болатын. 2024 жылы жергілікті бюджеттен 600 млн теңге бөлінді. Алғашқы жылы бағдарлама бойынша құжаттар қағаз тасығышта қабылданды. Жалпы бағдарлама бойынша 1040 жас құжат тапсырса, соның ішінде 41 жас баспаналы болып, қоныс тойын тойлады.

Осы бағытта жұмыстарды жалғастыру бойынша шаралар қабылданған болатын. Нәтижесінде 2025 жылдың басында 1 260 млн теңгеге жоба жасақталып, 8 санат бойынша өтінімдер наурыз айында электронды форматта қабылданған болатын. Аталмыш бағдарлама бойынша 403 өтінім тапсырылды. 72 жас баспана иесі атанды. Екі жылды қоса алғанда қазіргі таңда 113 жас жеңілдетілген пайызбен баспаналы болды.

Аталған бағытта жұмыстарды жалғастыру бағытында 2025 жылдың екінші жартысында 1 323 млн теңге көлемінде бағдарлама жасақталды. Құжаттар қабылдау мерзімі – қазан айына бекітілді. Қазіргі таңда бұл бағдарлама бойынша 517 өтінім қабылданып, қорытынды тізім Жайық жастары инстаграмм парақшасына жарияланды.

Бұл жолғы жарияланған бағдарламада айтарлықтай өзгерістер бар. Аталмыш бағдарламаға бұрыннан бері денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысса, бұл бағдарламаға жаңашылдық ретінде БАҚ саласының мамандары, Төтенше жағдайлар, «Қазпошта» АҚ мамандары, сонымен қатар, жұмысшы мамандықтар жылына орай, өңіріміздегі ірі зауыттар, «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС, «Батыс су арнасы» ЖШС, «Жайықжылуқуат» АҚ, «Ақсайжылуқуат» ШЖҚК, облыстық, қалалық және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызметкерлері қатысу құқығына ие болды.

Аталған бағдарлама аясында қосымша 90 астам жасты баспанамен қамтимыз деген жоспарымыз бар.

Айта кету керек, облыс әкімінің тапсырмасы аясында тұрғын үй бағдарламасына құжаттар қабылдау жұмыстары qr.gov.kz сайты арқылы жүргізілді. qr.gov.kz сайты — облыс аумағындағы қызметтерді интеграциялаған бірегей платформа. Бұл сайт бағдарламаның ашықтығын мейлінше қамтамасыз ету бағытында жасақталды. Әрбір кандидат құжаттарын ЭЦҚ арқылы растау отырып тапсыру мүмкіндігіне ие болды.

Ақпараттық саясат

Батыс Қазақстан облысында 123 бұқаралық ақпарат құралы қызмет атқарады, оның ішінде: баспа БАҚ — 98, электрондық БАҚ - 12, ақпараттық агенттіктер - 13. Олардың шамамен 50-і белсенді ақпараттық қызмет жүргізеді.

2025 жылы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 34 келісімшарт жасалып, 33 негізгі тақырыптық бағыт қамтылды. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыруға 19 республикалық және 12 жергілікті бұқаралық ақпарат құралы тартылды.

Аталған жұмыс Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасында айқындалған негізгі идеологиялық бағыттарды ілгерілетуге және бекітуге бағытталған. Атап айтқанда: тәуелсіздік пен патриотизм, заңның үстемдігі, еңбек адамы идеясы, отбасылық және ұлттық құндылықтар, соның ішінде баланы қорғау, жасампаздық пен прогресс.

Негізгі ақпараттық себептер ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары, «Таза Қазақстан» экологиялық акциялары, «Заң мен тәртіп» идеологемалары, Ұлттық құрылтай отырыстарында берілген тапсырмалар, мерекелік және атаулы күндерге арналған іс-шаралар және басқа да маңызды оқиғалар алынды.

Негізгі іс-шараларды ақпараттық тұрғыда жариялауға «Астана», «Qazaqstan», «24.kz» телеарналары, сондай-ақ Tengrinews.kz, Nur.kz, Stan.kz, Zakon.kz және басқа да республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары жұмылдырылды.

2025 жылы БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  бекітілген кестеге сәйкес және кезектен тыс республикалық және облыстық маңызды тақырыптарда 176 баспасөз конференциясы өткізілді, оған барлығы 337 спикер қатысты. Нәтижесінде республикалық БАҚ-та - 195 мақала, өңірлік БАҚ-та - 1832 мақала, әлеуметтік желілерде – 16 097 материал жарияланды.                                                                                                

Өткізілген баспасөз конференциялардың негізгі тақырыптық бағыттары: өзекті маусымдық тақырыптар (егін жинау, жылыту маусымы, эпидемиологиялық жағдай, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу) туралы, төтенше жағдайлар және қоғамды толғандыратын мәселелер (табиғи жағдайларға байланысты апатты жағдайлар) туралы болды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық кеңістікті жаңа деңгейге көтеру мақсатында бірқатар тың жобаларды қолға алынды.

«Тәуекел» – «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастаманың жұмысын қолдау, олардың бастамасын таныстыру.

«Online news» – жасанды интеллектінің көмегімен жаңалықтарды жедел әрі сапалы түрде тарататын заманауи платформа.

«Келесі аялдама» – өлкеміздің тарихы мен мәдениетін тереңінен танып білуге мүмкіндік беретін танымдық жоба. Бұл бағытта «Где мы были?» айдары да өз жұмысын бастайды.

«ӘкімMEN» тікелей эфир – тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, өңірдің дамуына қатысты мәселелерді талқылауға арналған алаң.

Подкаст «Soilessen» – қызықты қонақтармен сұхбаттасып, көкейдегі сауалдарға жауап іздейтін жаңа формат.

«Бізде бәрі бар» – БҚО өнеркәсіптік кәсіпорындарын кең қауымға таныстыру және отандық өнімге деген сенімді нығайту арналған жоба.

«Тұлға. Тағдыр. Тарих» - бұл атау көбіне тарихи тұлғалардың өмір жолы, олардың тағдыры мен ел тарихындағы рөліне арналған жоба.

Этносаралық қатынасты дамыту

Батыс Қазақстан облысының аумағында этносаралық ахуал тұрақты, этникалық топтардың жинақы тұратын жерлері жоқ, олар қазақтармен аралас мекен етеді.

Облыстың  Бәйтерек, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Тасқала және Шыңғырлау аудандары Ресей Федерациясының Астархан, Волгоград, Саратов, Самара және Орынбор облыстарымен шектеседі.

Бүгінгі таңда өңірде 696 мың адам, 80-нен астам  этнос өкілдері тұрады. Оның: 78,8% қазақтар, 15,7% орыстар, 1,8%  украиндар, 1,3% татарлар қалған 2,4% өзге этнос өкілдері.

Облыс бойынша 52 этномәдени  бірлестіктер бар. 30 этномәдени бірлестік әділет департаментінде ресми тіркелген.  14-і облыс орталығында белсенді қызмет атқарады.

Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында  облыста  Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 300 - ден астам кеңестер мен орталықтар жұмыс жасайды.

Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау және насихаттау бағытында өңірде 2025 жылы 4000-нан астам  іс-шара өткізіліп, 150 мыңнан астам адам қамтылды.  

Облыста этносаралық қатынастар саласы  бойынша жұмыс бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізіледі және ахуалды талдау мақсатында тоқсан сайын әлеуметтік зерттеулер өткізіледі.

Этносаралық шиеленісті жағдайлардың алдын-алу және жанжалдарға жол бермеу мақсатында Ресей Федерациясымен шекаралас аудандарға тұрақты мониторинг жүргізілуде және   77 адамнан тұратын ақпараттық-түсіндіру спикерлер пулы  жасақталды (1 облыстық,   1 профилактикалық, 1 қалалық, 12 аудандық).

2025 жылы Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік рәміздерді мониторингтеу

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері жөніндегі Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес облыстық қоғамдық даму басқармасы мен ҚР Сауда және  интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мамандарымен Теректі,Казталов, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарындағы және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарамасы және басқармаларға қарасты мемлекеттік мекемелерде қолданыстағы мемлекеттік рәміздердің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ҚР СТ 989-2014 және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар» ҚР СТ 988-2007 ұлттық стандарттарына сәйкестігі бойынша 139 мекемеге мониторинг жүргізілді.

Жалпы, 2025 жылы облыста Мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттауға бағытталған 30 мыңға жуық адамды қамтыған 150-ден астам іс - шара өткізіліп, республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде осы тақырып бойынша 500-ге жуық материалдар жарияланды.

 

Дата публикации
01 августа 2025
Дата обновления
13 января 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы