2026 жылдың І жартыжылдығында дін саласында атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат
Батыс Қазақстан облысында 8 конфессияны қамтитын 96 діни бірлестік тіркелген. Оның ішінде: 64 - исламдық, 20 - православтық, 2 - католиктік,
4 - Евангелиялық христиан-баптистер Шіркеуінің Одағы, 3 - Елуіншілер шіркеуі, 1 - Жетінші күн адвентистері, 1 - Ехоба Куәгерлері, 1 – Буддистік.
Жалпы ғибадат үйлері саны - 94. Оның ішінде: 64 - исламдық, 19 - православтық, 2 - католиктік, 4 - Евангелиялық христиан-баптистер Шіркеуінің Одағы, 3 - Елуіншілер шіркеуі, 1 - Жетінші күн адвентистері, 1 - Ехоба Куәгерлері.
2026 жылдың І жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысы аумағында 3 мешіт ашылды.
ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілдігінің имамдар корпусы 128 адамнан (41 (32%) жоғары білімді имам, 60 (47%) орта білімді, 27 (21%) біліктілікті арттыру курстарынан өтті) тұрады. 17 адам бас имам (13%), наиб-имам 64 (50%), сондай-ақ азаншы 7 (6%), мешіт оқытушылары 23 (18%), молда 16 (13%) қызметтерін атқарады.
2026 жылдың басынан Батыс Қазақстан облысында дін саласында 11 үкіметтік емес ұйым қызмет етуде.
Есептік кезеңде облыста дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. Негізгі басымдықтар – қоғамдық тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, конфессияаралық келісімді нығайту, сондай-ақ тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру болды.
Мемлекеттiк конфессионалдық қатынастар негiздерiн түсiндiру, дiни экстремизмнiң алдын алу, облыста құқықтық және дiни сауаттылықты арттыру мақсатында, құрамында 93 адам бар 14 ақпараттық-түсiндiру тобы кешендi жұмыстар жүргізді.
Есепті кезеңде өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде 30 055 адамды қамтыған 2213 іс-шара (867 - кездесу, 5 -семинар, 1320 - әңгімелесу, 1 - дәріс, 20 - өзге де шара) өткізілді.
Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіретін материалдар тұрақты түрде жарияланды. Сарапшылардың қатысуымен сұхбаттар, мақалалар және бейнероликтер дайындалды.
2026 жылы облыстың БАҚ және интернет кеңістігінде жалпы саны 3762 материал жарық көрді. 139 - мақала, 16 - телебағдарламалар мен радиобағдарламалар, бейнесюжеттер, 3607 - интернет ресурстарында орналастырылған ақпарат (бейнероликтер - 1482, суреттер – 1141, ақпараттық материалдар - 984).
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында тәуекел топтарымен жеке және топтық профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Теологтар, психологтар және құқық қорғау органдарының қатысуымен кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы түсіндіру жұмыстары күшейтілді.
Облыста тіркелген діни бірлестіктермен тұрақты диалог орнатылып, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, діни рәсімдерді өткізу тәртібі, конфессияаралық келісімді нығайту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Діни бірлестіктердің қызметіне тұрақты мониторинг өткізілуде.
Қазіргі таңда облыста дін саласындағы ахуал тұрақты болып, конфессияаралық келісім мен қоғамдық бірлік сақталды. Алдағы кезеңде дін саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру, профилактикалық жұмыстарды күшейту және халықпен кері байланысты арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.