Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасымен 2025 жылғы бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысы бойынша ақпарат

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу және облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында басшылықты жүзеге асырады.

 

Коммуналдық меншікті басқару саласы

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жыл басынан 308 мүліктік жалдау (жалдау) шарттары жасалып, жалдау ақысынан түсетін түсімдер
91,6 млн. теңгені құрады (2024 жылдың сәйкес кезеңінде 244 мүліктік жалдау (жалдау) шартынан 93,8 млн.тенге түсім түсті).

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Орал қаласы Деркөл кентінде 1500 оқушыға арналған  №51 мектеп, Орал қаласының «Балауса» шағын ауданында 1500 оқушыға арналған №52 мектеп және Теректі ауданы Подстепное ауылында 1200 оқушыға арналған мектеп облыстық коммуналдық меншікке қабылданды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында
15 медициналық нысан (3 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт және 8 медициналық пункт) облыстық коммуналдық меншікке қабылданды.

КПО б.в. компаниясынан ӨБТК шеңберінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында коммуналдық меншікке 2081,9 млн. теңге сомасында 2 нысан (Бөрлі ауданы Жарсуат ауылындағы 108 оқушыға арналған мектеп (938,9 млн. тг.) және Тасқала ауданы Тасқала ауылындағы 320 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені (1143,0 млн. тг.) қабылданды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ сыйға тарту шарты бойынша ақысыз өтеусіз «Жайық Арена» көпфункционалды спорт кешені облыстық коммуналдық меншікке алынды.

Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің қорытындысы бойынша
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстық бюджетке 191,9 млн.теңге мөлшерінде таза кірістің бір бөлігі аударылды (2024 жылдың кезеңіндегі түсімдер 138,9 млн. теңгені құрады). Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда түсімдер 38,2% - ға өсіп отыр.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

Басқармамен 2024 жылы жалпы соммасы 51 млрд. теңге болатын 419 мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылды.

Басқарма мемлекеттік сатып алуларды 2024 жылғы 28 тамыздағы №589 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне сәйкес жүзеге асырады.

Аталған тізімге келесілер кіреді:

  • облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары тапсырыс берушілер болып табылатын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс/аукцион өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;
  • тапсырыс берушілер аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары болып табылатын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс/аукцион өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;
  • тапсырыс берушілер аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген сегіз мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асатын жобалау-сметалық құжаттаманы және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу;
  • облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу мен оларды күтіп-ұстау,
  • осы Тізбенің 2.1, 2.2 және 2.4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын жұмыстар бойынша инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару жөніндегі қызметтер).

Ескертпе:

      * Осы Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруды және өткізуді облыс, облыс ауданы, облыстық маңызы бар қала, облыстық мәні бар қаладағы ауданның тиісті әкімдігіне ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асырады (оның ішінде облыстық және аудандық коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар).

 

Дата публикации
30 июля 2025
Дата обновления
31 июля 2025
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы