«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес
2025 жылғы 7 қыркүйекке өкілеттігі аяқталуына байланысты:
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бәйтерек ауданы Янайкин ауылдық округі әкімінің;
Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жаңақала ауданы Жаңақала және Меңдешев ауылдық округтері әкімдерінің;
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сырым ауданы Аралтөбе және Бұлдырты ауылдық округтері әкімдерінің;
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.
Мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылуына байланысты:
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бәйтерек ауданы Шалғай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.