Меню

Страницы

Статья

Пресс-релиз

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 ақпандағы № 26 «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы БҚО әкімдігінің 2025 жылғы 18 шілдедегі  №160 қаулысы «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді.

Атап айтқанда, «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығына сәйкес 2025 жылдан бастап квота  мүгедектігі бар адамдарды қолдау жергілікті жұмыспен қамту органдары арқылы жүзеге асырылады.

Қаулы азаматтардың заңда белгіленген құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін бұзбайды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейді.


Қазақстан Республикасы Су кодексінің 94 бабының 2 тармағына сәйкес облысымыздағы су объектiлерiнде тұрғындардың жаппай демалуына, туризм мен спортқа арналған орындарды анықтау мақсатында  облыс әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» 2018 жылғы 14 ақпандағы №22 қаулысы қабылданды. Орал қаласы және аудан әкімдіктерінің ұсыныстарына сәйкес аталған қаулыға өзгеріс енгізілуде.

Осы орындар алдағы уақытта кәсіпкерлерге рекреациялық орындар мен туризмді дамыту үшін бекітіп беруге ықпал етеді.

Облыс бойынша жалпы 34 орын, оның ішінде: Орал қаласында 10 орын, Бәйтерек ауданында 13 орын,  Бөрлі ауданында 2 орын, Жаңақала ауданында 1 орын,Жәнібек ауданында 2 орын, Тасқала ауданында 4 орын, Теректі ауданында 2 орын.

Жоба «Батыс Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына,туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы №22 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» облыс әкімдігінің қаулысын шығару мақсатында дайындалды.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарларға әкелмейді.


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығын басшылыққа ала отырып және бекітілген жобалау құжаттамаларының негізінде облыс әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» 2017 жылы 24 ақпанда №52 қаулысы қабылданды.

2025 жылы Есен Аңқаты, Ұзын Аңқаты, Ащы,  Шідерті, Чижа 1, Чижа 2, Жақсыбай, Бұлдырты, Таловая өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін айқындау бойынша жобалық құжаттамалары  дайындалды.

Осы бекітілген жобалық құжаттамалары негізінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» 2017 жылы 24 ақпанда №52 қаулысына өзгеріс енгізу  қажеттілігі туындап отыр.

Жоба ҚР Су Кодексінің 116 бабына сәйкес дайындалды.

Жоба «Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы №52 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» облыс әкімдігінің қаулысын шығару мақсатында дайындалды.

      Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарларға әкелмейді.


 

Дата публикации
23 июля 2025
Дата обновления
19 августа 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы