2025 жылғы 13 шілде күні Батыс Қазақстан облысының 5 округінде әкімдердің сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысына сәйкес келесі әкімдер тіркелді:
1. Жаңақала ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 15 шілдедегі №39 шешімімен Жақашев Ерболат Қуанышұлы Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1989 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Бірлік ауылының тұрғыны.
2. Жаңақала ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 15 шілдедегі №40 шешімімен Мерешов Дәурен Құбайдоллаұлы Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1993 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының тұрғыны.
3. Жаңақала ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 15 шілдедегі №41 шешімімен Бектлеу Нұрбол Серікұлы Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1982 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Көпжасар ауылының тұрғыны.
4. Казталов ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 16 шілдедегі №67 шешімімен Батыргалиев Куаныш Гилымович Казталов ауданы Жаңажол ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1979 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны.
5. Казталов ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 16 шілдедегі №68 шешімімен Галимов Ернар Бахтиярович Казталов ауданы Казталов ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1984 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылының тұрғыны.