Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылғы 27 шілдеге тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша
кандидаттарды тіркеу жұмыстарының қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылғы 27 шілдеге Батыс Қазақстан облысында Казталов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды.
6 кандидат ұсынылды, 1 - «AMANAT» партиясынан, 5 - өзін-өзі ұсынғандар.
6 кандидаттың 4 - мемлекеттік қызметшілер, 2 - бюджет.
Кандидаттардың орта жасы 34,3 жас, ең жас кандидат 29 жаста, жасы үлкені 44 жаста.
2 кандидат (33,3%) - ауылдық округтің тұрғыны, 4 (66,7%) – аудан аумағында тұрады.
А.ж. 15 шілдедегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді.
Біліктілік талаптарына сай келмеуіне байланысты 3 кандидатты тіркеуден бас тартылды.