Меню

Страницы

Статья

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысы Алғабас станциясына келді

         2025 жылдың 11 шілдесінде «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Теректі ауданының  Алғабас  стансасына келді. Бұл станция Батыс Қазақстан облысындағы пойыз жолындағы соңғы станция.

         «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қазақстан Республикасы  Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының, «Самрұқ Қазына» АҚ компаниялар тобы мен  Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігінің атынан  «Samruk-Kazyna Trust» қорының серіктестігі арқасында елімізде табысты іске асырылуда.

         Әлеуметтік жоба шалғай елді мекендер мен жетуге қиын ауыл тұрғындарына көмек көрсету мақсатында қолға алынған. Ұлттық комиссияның бастамасымен осы жоба аясында халыққа көрсетілетін қайырымдылық көмек пен қызметтердің бастапқы пакеті айтарлықтай кеңейтілгені қуантады. Тұрғындарға кең ауқымды медициналық көмек көрсетумен қатар медиация, құқықтық және психологиялық көмек көрсетіліп, жанжалдарды шешу, өтініштерді қабылдау, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдануда.

       «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы тұрғындар үшін ең көп күткен әлеуметтік жобалардың бірі болып қалуда. Биылғы жылы бір ғана облысымызда Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы, Шыңғырлау, Тасқала, Теректі аудандарындағы 7 теміржол вокзалының маңында тұратын тұрғындарға пойыз бригадасы кәсіби көмек көрсетіп үлгерді. Ал бұл балаларды қосқанда 7 мың 463 адам», - деді сұхбатында Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Т.В.Рогозина.

           Алғабас стансасындағы медициналық пойыз бригадасының жұмысы  ауыл тұрғындары, жергілікті билік өкілдері мен жұртшылықтың бас қосуынан басталды. Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері жобаны ұйымдастырушыларға, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне, психологиялық қызметке, медиатор мен заңгерге, халыққа қызмет көрсетіп келе жатырғаны үшін пойыздың ұжымына  алғыстарын білдірді. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары  Г.М.Әбдірахманова, қоғам қайраткері, облыстық қамқоршылық кеңесінің төрайымы Л.Ю.Щукина, Батыс Қазақстан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілі Ш.С.Өтебалиева. Сонымен қатар Теректі ауданы Богданов ауылдық округінің әкімі А.С.Нұрғалиев, Теректі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Ғ.Қазиев, аудандық мәслихат депутаты М.С.Бисенов және т.б. басқа ауыл тұрғындары атынан алғыс айтты.

          Сөз алған пойыздың аға дәрігері А.Ж.Саханова және пойыздың медиаторы Ш.А.Шалғазина ауыл тұрғындарына «Мобильдік топтың» жұмыс істеу тетігі мен көрсетілетін қызметтердің мазмұнын түсіндірді.

         Алғабас станциясында жұмыс 11-12 шілде күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүреді.

         Ағымдағы жылдың 12 шілдесі күні кешке «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы облыс аумағынан шығады.

Дата публикации
11 июля 2025
Дата обновления
11 июля 2025
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы