«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес 2025 жылғы 17 тамызға өкілеттігі аяқталуына байланысты:
Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округі әкімінің;
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.
Мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылуына байланысты:
Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округі әкімінің;
Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бөрлі ауданы Достық ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.