Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!
Жазғы кезеңде облыс аумағында аумақтық қорғаныс бөлімшелері мен күш құрылымдарының өңірлік бөлімшелерінің (ҰҚК ШҚ және ІІМ) ведомствоаралық оқу-жаттығуларын (жаттығуларын) өткізу жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты — аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің, құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру.
Осыған байланысты азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз.