Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша кандидаттарды тіркеу жұмыстарының қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылғы 13 шілдеге Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Бірлік, Жаңажол, Көпжасар, Казталов ауданы Жаңажол, Казталов, Көктерек ауылдық округтері әкімдерінің сайлаулары тағайындалды.
20 кандидат ұсынылды, 2 - «AMANAT» партиясынан, 18 - өзін-өзі ұсынғандар.
20 кандидаттың 13 - мемлекеттік қызметшілер, 4 - бюджет саласынан, 1 - коммерциялық ұйымнан, 2 - жұмыста жоқ.
Кандидаттардың орта жасы 37,8 жас, ең жас кандидат 29 жаста, жасы үлкені 55 жаста.
8 кандидат (40,0%) - ауылдық округтің тұрғыны, 11 (55,0%) – аудан аумағында, 1 (5,0%) - облыс аумағында тұрады.
А.ж. 22 маусымдағы жағдай бойынша 18 кандидат тіркелді.
Біліктілік талаптарына сай келмеуіне байланысты 2 кандидатты тіркеуден бас тартылды.