Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылғы 22 маусымға тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша кандидаттарды тіркеу жұмыстарының қорытындысы туралы ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылғы 22 маусымға Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Зеленов, Чиров және Январцев ауылдық округтері, Бөрлі ауданы Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды және Қарақұдық ауылдық округтері, Қаратөбе ауданы Жусандой және Сулыкөл ауылдық округтері әкімдерінің сайлаулары тағайындалды.
32 кандидат ұсынылды, 4 - «AMANAT» партиясынан, 28 - өзін-өзі ұсынғандар.
32 кандидаттың 26 - мемлекеттік қызметшілер, 5 - бюджет саласынан, 1 - коммерциялық ұйымнан.
Кандидаттардың орта жасы 39,3 жас, ең жас кандидат 28 жаста, жасы үлкені 59 жаста.
7 кандидат (21,9%) - ауылдық округтің тұрғыны, 24 (75,0%) – аудан аумағында, 1 (3,1%) - облыс аумағында тұрады.
А.ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша 31 кандидат тіркелді.
Біліктілік талаптарына сай келмеуіне байланысты 1 кандидатты тіркеуден бас тартылды.