Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен 16 мамыр күні Батыс Қазақстан облысында республикалық репродуктивті денсаулық апталығының 5-ші күні өтті.
Бесінші күннің тақырыбы-адам паппиломасының вирусы (АПВ). Негізгі мақсаты- мектеп оқушыларына адам папилломасы вирусы туралы толық әрі нақты ақпарат беру, оның жұғу жолдарын, алдын алу шараларын түсіндіру және ерте жастан денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, ата-аналар арасында мазасыздық деңгейін төмендетуге ықпал ету. Бесінші күннің бағдарламасы мазмұнды әрі жан-жақты өтті. Іс-шаралар лекциялар, семинарлар, консультациялар түрінде ұйымдастырылып, қатысушылармен тікелей және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы байланыс орнатылды. Ерекше назар білім беру мекемелерінде өткізілген кездесулерге аударылды.
Облыс бойынша 200-ден астам білім беру ұйымдарында медициналық қызметкерлер, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, сондай-ақ тиісті басқармалар өкілдері мектеп және колледж оқушыларымен, студенттермен және олардың ата-аналарымен кездесулер өткізді. Мысалы,Орал қаласындағы №7 және №43 мектептерінде өткен кездесулерге облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілі Ш.С.Өтебалиева, №1 және №3 қалалық емханалардың медициналық қызметкерлері, сондай-ақ облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері Г.М.Төлеген, А.Б.Сабурова, З.З.Шканова және М.Т.Дәулетиярова қатысты.
Кездесулер барысында оқушыларға электрондық презентациялар көрсетіліп, бейнероликтер ұсынылды, интерактивті әңгімелер өткізілді және тиісті ақпараттық материалдар таратылды. Негізгі ұстаным – алдын алу. Бұл сөздер ересектер мен балалар арасындағы қарым-қатынастың басты тақырыбына айналды.
5-күннің іс-шаралары жалғасуда.
#СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025
#RepHealth2025
#SalauattiUrpaq2025