Меню

Страницы

Статья

Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы. 4-күн

           12 мамырда басталған Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы белсенді әрі мазмұнды түрде жалғасып жатыр. Апталықтың басты мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау және отбасы құру мәселелері бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды күшейту. Бұл бастама дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асуда.

             Аптаның әр күні белгілі бір тақырыпқа арналған. Төртінші күн – жастардың репродуктивті денсаулығы және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға қарсы күрес күні. Бұл күннің тағы бір маңызды мақсаты – көмек сұрауға кедергі болатын стигмаларды азайту және тосқауылдарды жою.

           Батыс Қазақстан облысында осы күн аясында 60-тан астам іс-шара жоспарланған. Солардың бірі – қоғамдық қор «Ана үйінің» қамқорлығындағы жас аналармен өткен кездесу. «Ана үйі» – өмірдің қиын жағдайына тап болған әйелдерге көмек көрсетуге бағытталған ерекше мекеме. Жоба іске қосылғаннан бері өңір бойынша 300-ден астам әйел мен олардың 360 баласына қолдау көрсетілген.

            Кездесу бағдарламасында күн тақырыбына сәйкес түсіндірме әңгімелер мен жеке кеңес беру шаралары өткізілді. Кеңес берушілер қатарында – Облыстық ЖИТС орталығы директорының міндетін атқарушы А.А. Мантакова, БҚО-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Ш.С. Утебалиева, сондай-ақ облыстық “ЖИТС” орталығының маманы А.Б. Нұрмұханбетова және басқа да сала мамандары болды.

            Кездесу соңында «Ана үйінің» тұрғындарына ақпараттық парақшалар мен буклеттер таратылып, демеушілік көмек көрсетілді.

          – Мұндай іс-шаралар, әсіресе осы Апталық, халқымыздың репродуктивті денсаулыққа деген сауатты көзқарасын қалыптастыруға, салауатты өмір салтының өзің үшін де, келешек ұрпақ үшін де маңызын ұғынуға, отбасыны жоспарлау жолдарын түсінуге үлкен үлес қосады. Бұл әсіресе жастар үшін аса маңызды. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар олардың жауапкершілік сезімін арттырады, – деді «Ана үйінің» директоры, БҚО әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі З.З. Шканова.

            Апталық аясындағы іс-шаралар жалғасуда.

#СалауаттыҰрпақ2025
#ЗдоровоеПоколение2025
#RepHealth2025
#SalauattiUrpaq2025

Дата публикации
15 мая 2025
Дата обновления
19 мая 2025
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы