«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес
2025 жылғы 22 маусымға өкілеттігі аяқталуына байланысты:
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бәйтерек ауданы Зеленов, Чиров және Январцев ауылдық округтері әкімдерінің;
Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бөрлі ауданы Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды және Қарақұдық ауылдық округтері әкімдерінің;
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қаратөбе ауданы Жусандой және Сулыкөл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындады.