Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен республикалық Репродуктивті денсаулық апталығы өткізілуде.
Биылғы жылы бұл жоба Аналар күніне орайластырылған. Осыған байланысты 12 мамырда басталған Республикалық апталықтың алғашқы күні Батыс Қазақстан облысында халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау, саналы ата-аналық мәдениетін ілгерілету, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылауға арналған тақырыптық кездесу өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушысы — облыс әкімдігі. Кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенко қатысты. Іс-шара Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында өтті.
Іс-шараның бірінші бөлігінде бірқатар нысандарға бару ұйымдастырылды:С.Жақсығұлов атындағы жалпы білім беретін мектеп, аудандық аурухана, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, отбасын қолдау орталығы.
Педагогтармен, медицина, әлеуметтік қызметкерлерімен, спорт жаттықтырушыларымен, мемлекеттік қызметшілермен, қоғамдық ұйым өкілдерімен және аудан тұрғындарымен сұхбаттар өтті.
Іс-шараның екінші бөлігі дөңгелек үстел форматында өтті.
Қатысушыларға құттықтау сөзін Е.И.Тарасенко мен Тасқала ауданының әкімі Т.А.Шакиров жолдады.
Дөңгелек үстелдің негізгі қатысушылары — облыстық және аудандық комиссиялардың мүшелері, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының барлық медициналық мекемелерінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық қайраткерлер онлайн режимде қосылды.
Дөңгелек үстелде талқыланған негізгі мәселелер:
1.Аймақта халықтың репродуктивті денсаулығы бойынша аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу (А.Ж.Ғұбайдоллина — БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары);
2.Азаматтардың репродуктивті денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмек (Р.Н.Бралов — Тасқала аудандық ауруханасының директоры, облыстық мәслихат депутаты);
3.Жастар денсаулығы орталықтарының (ЖДО) ашық есік күніне дайындығы және қызмет көрсету барысы (А.Т.Жүнісбеков — №4 қалалық емхананың директоры, “Демеу” ЖДО; Т.Б.Мұхамедияров — №5 емхана, “Болашақ” ЖДО; Ж.Ж.Шайхиев — №6 емхана, “Қамқор” ЖДО);
Репродуктивті денсаулықты сақтау саласындағы шараларды күшейту бойынша ұсыныстарын білдіргендер: Г.Б.Шүкеева — БҚО Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, А.М.Темірханова — БҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары, Л.А.Жұбанышқалиева — «Аманат» партиясының Тасқала аудандық филиалының төрайымы, А.Б.Сабурова — «IT Group Kazakhstan» ЖШС директоры, Т.В.Рогозина — БҚО әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы, Ш.С. Өтебалиева - БҚО бойынша бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, Г.М.Төлеген — «Шаңырақ» түзету-оңалту орталығының және «ОқжетпесLife» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы және басқалар.
Талқылау қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.
#СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025
#RepHealth2025
#SalauattiUrpaq2025