12 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Репродуктивті денсаулық апталығының басталуы туралы» атты брифинг өтті. Шара барысында Ж.М.Туремуратова – облыс әкімінің кеңесшісі, Батыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, Ж.С.Каримова – Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысы, А.С.Сакенова – акушер-гинеколог, прегравидарлық дайындық бойынша облыстық үйлестіруші, Х.К.Искандарова – Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы бөлімінің басшысы сөз сөйледі.
Спикерлер атап өткендей, Репродуктивті денсаулық апталығы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның бастамасымен, облыс әкімдіктерінің, салалық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өтуде. Республикалық апталықтың мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды күшейту. Бұл – дені сау және ақпараттандырылған қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Апталықтың әрбір күні белгілі бір тақырыпқа арналған және сол тақырыпқа сәйкес іс-шаралар өткізіледі. Іс-шаралардың өткізілу жоспары өңір тұрғындарына түсіндірілді.