2025 жылғы 20 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының 6 округінде әкімдердің сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысына сәйкес келесі әкімдер тіркелді:
1. Ақжайық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы
23 сәуірдегі №29 шешімімен Мусагалиев Шокан Рахимович Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1972 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылының тұрғыны.
2. Ақжайық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы
23 сәуірдегі №30 шешімімен Жумагалиев Жалгас Батырбекович Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының әкімі болып тіркелді. 1987 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының тұрғыны.
3. Қаратөбе ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы
24 сәуірдегі №6 шешімімен Уразакаев Даулет Жумабаевич Қаратөбе ауданы Саралжын ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1991 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қарақамыс ауылының тұрғыны.
4. Теректі ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы
25 сәуірдегі №28 шешімімен Нуменов Саясат Максутович Теректі ауданы Ақсоғым ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1986 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақсоғым ауылының тұрғыны.
5. Теректі ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы
22 сәуірдегі №27 шешімімен Ерсайнов Жалгас Нурланович Теректі ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1993 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ұзынкөл ауылының тұрғыны.
6. Шыңғырлау ауданы аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылғы 21 сәуірдегі №29 шешімімен Хамиев Мерлан Сағидоллаұлы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1985 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылының тұрғыны.