2025 жылдың 17 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары К.Е. Мендигалиевтің жетекшілігімен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.
Комиссия жұмысына келесі тұлғалар қатысты: Батыс Қазақстан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ш.С. Утебалиева, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Ж.Ж. Нурмагамбетова, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы З.Б. Гумарова, Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы міндетін атқарушы А.К. Дюсекенов, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.М. Темирханова, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.М. Сабитов, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Т. Абуов, қоғамдық даму басқармасының басшысы Д.К. Кадралиев, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Ж. Губайдуллина, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Ж.М. Нигметуллин, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.М. Идгенов, Орал қалалық мәслихатының депутаты М.Г. Джардемов, әділет департаменті басшысының орынбасары А.А. Бектибаева, төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары М.Д. Муратов, облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының қамқоршылық кеңесінің төрайымы Л.Ю. Щукина, педагогикалық еңбек ардагері К.Ж. Кырыкбаев, облыстық психологиялық қолдау әдістемелік орталығының директорының міндетін атқарушы Н.М. Куанышалиева және басқа да ресми тұлғалар қатысты. Сонымен қатар, Бөрлі ауданы әкімдігі жанындағы комиссия өкілдері де болды.
Кездесу барысында мектептегі ішкі тәртіп ережелерінің орындалуы, соның ішінде орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, балаларды тәрбиелеуге кешенді көзқарас мәселесі де көтерілді.