№1 Сұрақ:
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қалай бюджеттік кредит алуға болады және алған жағдайда неше жыл жұмыс істеуге міндеттеме аламын?
Жауап:
Өтініш
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі;
Білімі туралы дипломның көшірмесі;
Неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
Кредиттк бюро
№2 Сұрақ.:Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй кезегіне қалай тіркелуге болады?
Жауап: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ БҚО бойынша филиалының "Халыққа қызмет көрсету бойынша" бөлімі арқылы немесе EGOV сервисінде ЭЦҚ арқылы тұрғын үй кезегіне тіркелуге өтініш беріп, тіркелуге болады.
№3 Сұрақ. Жалғыз тұрғын үйді ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп тану үшін не істеу қажет?
Тұрғын үйді апатты жағдайда деп танып, техникалық қорытынды жасақтауға арнайы тәуелсіз экспертке жүгіну қажет.
№4 Сұрақ: Балабақшаға бала қалай кезекке қойылады?
Жауап: Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және жолдама алу қызметі balabagsha.snation.kz сайты арқылы жүзеге асады. Сайтта жұмыс жасау үшін жеке телефон нөмірінізбен тіркеліп, тұрғылықты мекен-жайыңызды көрсетіңіз.
№ 5 Сұрақ: Мен зейнеткер ата-анаммен тұрамын. Атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген кезде олардың кірістерін көрсетуім керек пе?
Жауап: ҚР 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес.
4 баптың 1-тармағы.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.
Отбасының құрамына:
1) Толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдар;
2) Мерзімді әскери қызметтегі адамдар
3) Бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар кірмейді.
№7 сұрақ: «Бақытты отбасы» бағдарламаның шарттары қандай?
Жауап: «Бақытты отбасы» - ол Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй
сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасы.
Аталған бағдарламаға баспанаға мұқтаж тұлға ретінде кезекте тұратын көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар қатыса алады.Баспананы тек кезекте тұрған аймағында сатып алуға болады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жаңа салынған үйден жаңа пәтер, қолданыста болған пәтер немесе жеке тұрғын үй сатып алуға болады.
Несиелендіру шарттары:
Қарыз мөлшерлемесі – жылдық 2 %;
Ең төменгі бастапқы жарна - қарыз сомасының 10%-ы;
Несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін;
«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін кезекте тұрған аймағында орналасқан жергілікті атқарушы органнан (әкімдіктен) жолдама алып, төлеу қабілетін анықтау үшін Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бөлімшесіне жолығу тиіс.