Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 мамырға тағайындалған Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша кандидаттарды тіркеу жұмыстарының қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылғы 4 мамырға Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімінің өкілеттігі аяқталуына байланысты сайлау тағайындалды.
3 кандидат ұсынылды, барлығы да өзін-өзі ұсынғандар.
3 кандидаттың 2-мемлекеттік қызметшілер, 1-бюджет саласынан.
Кандидаттардың орта жасы 42 жас, ең жас кандидат 29 жаста, жасы үлкені 55 жаста.
Барлық кандидаттар аудан аумағында тұрады.
А.ж. 16 сәуірдегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді.