
2015 жылы конкурстық комиссия шешімімен қабылданды.
Авторы – Нұртай Жәрдемов.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылдың 12 наурыздағы №17-4-ші «Батыс Қазақстан облыстық өңірлік нышанды бекіту туралы» шешімімен бекітілді.
Облыстың логотипі шаңырақ формасында дөңгелек етіп бейнеленген, бұл қозғалыс пен мәңгіліктің белгісі.
Ортасындағы шанырақ - облыс аумағында тұратын барлық ұлттардың достығы мен бірлігінің символы.
Яғни бір шаңырақтың астына жиылған халық ынтымақта, бірлікте, тату-тәтті болмақ.
Түстердің төртке бөлінуі, қазақта «төрт құбыласы тең» деген жақсы сөз бар. Сондай-ақ төрт түлік мал, адамның төрт темпераменті, төрт жыл мезгілі, төрт саны қазақ халқымен өте тығыз байланысты.
Ал, боялған түстер сары түс тұрақтылықты, жасыл кең жайлауды, азаттығымызды, көк түс молшылықты, татулықты білдіреді.
Домбыра - облыстың мәдени байлығын, облыста туып өскен, әндері мен күйлері үш жүзге әйгілі болған күйші, әнші, композиторлардың мекені екенін көрсетеді.
Логотипте егін шаруашылығының дамығандығы айқын көрініс тапқан бидай масағы - ол облыс халқының еңбекқорлығы мен оның материалдық әл-ауқаты, құнарлылық пен егіншіліктің символы.
Мұнай мұнарасы - әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі болып табылатын Қарашығанақ мұнай-газ конденсатының жайластырылуы мен дамуын білдіреді.