Ағымдағы жылдың 3 сәуірі күні Тасқала ауданында ведомствоаралық мониторингтік тобының көшпелі отырысы болып өтті. Оның мақсаты – балаларға қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бойынша жағдайды, аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының, тиісті мекемелердің балалар арасында суицидтің алдын алу бойынша жұмыстарын зерделеу. Аталған топ құрамына БҚО әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының мүшелері, бала құқықтары жөніндегі уәкіл, облыстық денсаулық сақтау жүйесінің, полиция департаментінің өкілдері енгізілді. Жұмыс барысында қатысушылар аудандық комиссияның құжаттарын зерделеді, сондай-ақ Сәтпаев атындағы мектепке, аудандық отбасын қолдау орталығына, аудандық ауруханаға, спорт кешеніне барды. Аудандық комиссия төрағасымен және мүшелерімен, педагогтар, психологтар, психиатрлар, әлеуметтік қызметкерлер және жаттықтырушылармен қарым-қатынас жасауға баса назар аударылды. Топ жұмысының нәтижелері Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы комиссияның кеңейтілген отырысында баяндалатын болады.