Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық Комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
- Мен бірден назар аударғым келгені - бұл отырысты Ел Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың Бурабайдағы 4-ші Ұлттық құрылтайда белгіленген Жолдаулары аясында өткіземіз. Мемлекет басшысы қоғам назарын тағы да әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, адами капиталға инвестициялар мен басқа да маңызды бағыттарға аударды. Осыған орай, отырыстың "Өңірдегі отбасылық-демографиялық саясатты дамытудағы басым жобалар" тақырыбымен аталуын өзекті деп санаймын, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Қ. Е. Меңдіғалиев, комиссия жұмысын аша отырып.
Отырыс барысында әйелдердің экономикалық және саяси мүмкіндіктерін кеңейтуге, репродуктивті денсаулықты қорғауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және т.б. салаларға бағытталған жобаларды іске асыру мәселелері бойынша облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г. Б. Шөкеева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г. М. Абдрахманова, облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Ш. Х. Құрманалина, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Т. Әбуов баяндамалар жасады.
Көтерілген мәселелерді талқылауға аудан әкімдерінің орынбасарларымен бірге облыстық комиссия төрағасының орынбасары Г. М. Құлжанова, өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ш. С. Өтебалиева, облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Л. А. Тұрсынова, қоғам қайраткерлері - А. Г. Искалиева және М. Б. Санкаева, әлеуметтік кәсіпкер Г. М. Төлеген, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Г. М. Төлеген, "IT Group Kazakhstan" ЖШС А.Б.Сабурова және т.б. қатысты. Сондай-ақ, жиналғандар ата-ана жауапкершілігі, адамгершілік-рухани, ұлттық құндылықтар идеясын ілгерілетуге ерекше назар аударды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.