Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 20 сәуірге тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша кандидаттарды тіркеу жұмыстарының қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылғы 20 сәуірге Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин, Сарытоғай және Тайпақ ауылдық округтері, Қаратөбе ауданы Саралжын ауылдық округі, Теректі ауданы Ақсоғым және Ұзынкөл ауылдық округтері, Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімдерінің өкілеттігі аяқталуына байланысты әкімдер сайлаулары тағайындалды.
23 кандидат ұсынылды, 5-«AMANAT» партиясынан, 18-өзін-өзі ұсынғандар.
23 кандидаттың 17-мемлекеттік қызметшілер, 4-бюджет саласынан, 2-коммерциялық ұйымнан.
Кандидаттардың орта жасы 40,5 жас, ең жас кандидат 26 жаста, жасы үлкені 61 жаста.
6 кандидат (26,1%) - ауылдық округтің тұрғыны, 13 (56,5%) – аудан аумағында, 4 (17,4%) - облыс аумағында тұрады.
А.ж. 31 наурыздағы жағдай бойынша 22 кандидат тіркелді.
Біліктілік талаптарына сай келмеуіне байланысты 1 кандидатты тіркеуден бас тартылды.