Күнделікті бақылауға алу, алдын алу шаралары

Күнделікті бақылауға алу, алдын алу шаралары

 

14 наурызда облыс әкімдігінде әкімнің орынбасары Қ.Е.Мендіғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Комиссия жұмысына Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының өкілдері, аудандар мен Орал қаласы әкімінің орынбасарлары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп, колледж директорлары, бала құқықтары жөніндегі уәкіл, аймақтағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары бойынша ағымдағы жағдай, сондай-ақ балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу шаралары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар мен қатаң шаралар ұсынылды.

Жарияланған күні

20 наурыз 2025

Жаңарту күні

20 наурыз 2025

Қызмет бағыты